$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.12.2021, 07:31
Оқиғалар

Ақмолада танысының атынан 2 несие рәсімдеген жасөспірім қолға түсті

Күдікті қылмысын мойындады

Ақмолада танысының атынан 2 несие рәсімдеген жасөспірім қолға түсті
Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысында танысының атынан екі онлайн несие рәсімдеп, алаяқтық жасаған 16 жасар жасөспірім күдікке алынды. Бұл туралы Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.


Ведомствоның мәліметінше, 30 қарашада Степногор қаласының Полиция басқармасының кезекші бөліміне 35 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз түскен.

«ҚР банктерінің бірінің қосымшасы арқылы 16 жастағы жасөспірім танысының мобильді құрылғысына еркін қол жеткізе отырып, оның атынан онлайн несие ресімдеген. Ол бүкіл соманы өзінің банктік картасына аударған. Шығын көлемі 1 миллион 278 мың теңгені құрады. Бұдан бөлек, екі аптадан кейін жасөспірім арыз иесіне өзге банктен 200 мың теңгеге онлайн несие рәсімдеген», - делінген хабарламада.

Күдікті қылмысын мойындады. Бұл іс Қылмыстық кодекстің 190-шы бабының 2-ші бөлігі «алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Тергеу әлі де жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары