$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.11.2021, 23:21
Оқиғалар

Қостанайдағы медициналық колледж студенттері оқытушыларын соққыға жыққан адамның жазалануын талап етуде

Бұл оқиғаның шындығы тергеу барысында анықталады

Қостанайдағы медициналық колледж студенттері оқытушыларын соққыға жыққан адамның жазалануын талап етуде
Фото ашық дереккөзден

«Ұстазымызды ұрған адам жауапқа тартылсын». Бұл – Қостанайдағы медициналық колледж студенттерінің талабы. Айтуларынша, олардың оқытушыларын біреу соққыға жыққан, деп хабарлайды Астана арнасы.

Наталья Жоламанова осыдан 5 ай бұрын соққыға жығылып, денсаулығына нұқсан келгенін айтады. Оқытушының сөзінше, үйіндегі құбырды жөндету үшін слесарь шақыртқан көрінеді. Келген жұмысшы  әйелге көңіл білдіріп, кездесіп тұруға көндірмек болыпты. Көнбеген соң күш көрсетті дейді.  

«Жансақтау бөлімінен кейін 23 күн бойы ауруханада жаттым.Қолым міне әлі күнге дейін ауырады. Жағыма зақым келген. Аяғым ауыр жарақаттанған», - дейді оқытушы Наталья Жоламанова.  

Жоламанова – колледжде ұзақ жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі педагог. Оның студенттері оқытушымызды соққыға жыққан адам жазасын алсын дейді.

«Алты ай өтсе де, әлі ауырып жүр.Лекция барысында жиі тоқтап, шаршап қалады.Көп тұра алмайды.Көп сөйлей алмайтын халге түсті», - дейді студент Сандуған Шалабаева.

Колледж ұстазына қол көтерген слесарь қаладағы пәтер иелері кооперативінің бірінде екі жылдан бері жұмыс істейтін көрінеді. Әріптестерінің айтуынша, ол жұмысына жауапты. Адам түгілі ауладағы мысыққа қиянат жасамайтын жан дейді.

 «Ол өте жақсы адам. Әйелдерге ешқашан қол көтермейтін жан. Керісінше алақанында аялап жүреді. Ол әлгі әйелді де ренжіткен емес», - деді ПИК қызметкері Лариса Кондур.   

Қазіргі таңда осы факті бойынша ҚР ҚК «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Наталья Жоламанова ешқандай моральдық, материалдық өтемақы талап етпеймін дейді. Тек жауапқа тартылуын талап етеді.  Бұл шым-шытырық оқиғаның шындығы тергеу барысында анықталмақ.
 

Серіктес жаңалықтары