Қарағандыда жол апатынан 6 айлық бала көз жұмды

Azattyq Rýhy

Аталған оқиғаға байланысты тергеу шаралары басталды

Фото ашық дереккөзден

Қарағандыда болған жол апаты кезінде алты айлық нәресте көз жұмды, тағы екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Жол оқиғасы бүгін таңғы уақытта Карл Маркс – Лиговская қиылысында болған.

"Алдын ала мәліметке сәйкес, 21 жастағы Mercedes-Benz E 220 көлігінің жүргізушісі Карл Маркс көшесімен келе жатып, Лиговскаямен қиылысатын жерде бағдаршамның сары түсіне өтіп кеткісі келген. Сол кезде Volkswagen Golf көлігімен соқтығысты. Рөлде 24 жастағы жүргізуші отырған", - дейді полицейлер.

Golf-тың жүргізушісі, салонда болған 25 жастағы әйел және оның алты айлық нәрестесі ауруханаға жеткізілді. Бірақ сәби алған жарақатынан көз жұмды.

Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім шығарылады.



 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.