Жәрдемақы алуға көмектесемін деп тұрғындарды тақырға отырғызған алаяқ ұсталды

Azattyq Rýhy

Жәбірленуші әйелдерге 1 млн теңгеден астам шығын келді

Фото ашық дереккөзден

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының полиция басқармасына алаяқтың арбауына түскен екі бірдей тұрғын арызданды, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Басылымның хабарлауынша, оларды сырттай танысы мүгедектік бойынша жәрдемақы алуға көмектесемін деп ақшаларын алып, 1 жылдан астам уақыт алдап жүрген.

Жәбірленуші әйелдерге келтірілген жалпы шығын көлемі 1 миллион теңгеден астам. Полиция қызметкерлері аталған жайтты Қылмыстық кодекстің 190-бабы, яғни "Алаяқтық" бойынша тіркеді.

Аудандық сақшылар хабар алысымен күдіктіні анықтауға бірден кірісті. Ауыл тұрғындарынан жауап алып, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді.

Күдікті ретінде жұмыссыз, жергілікті әйел тұрғын ұсталды. Оның бұған дейін сотталғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті әйел алаяқтық жолмен алған ақшасын өз қажеттілігіне жұмсап жіберген.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.