Ақтөбеде жоғалған төрт геологтан әлі еш хабар жоқ

Azattyq Rýhy

Олар соңғы рет 25 қараша күні сағат 18:00-де Талдық ауылына жете бергенде байланысқа шыққан

Фото ашық дереккөзден

Ақтөбеде төрт геолог жоғалып кетті. Кешеден бері олардан хабар жоқ. Бұл туралы Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департамент баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарламаға сәйкес, 26 қараша сағат 15:00-ден бастап (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Әйтеке би ауданы, Қайрақты ауылдық округі, Талдық ауылы маңынан 4 геологты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олар 25 қараша күні сағат 10:30-да Қарабұтақ -Талдық - Қайыңды - Қайрақты ауылдары бағыты бойынша «УАЗ» маркалы көлікпен шыққан. Соңғы рет 25 қараша күні сағат 18:00-де Талдық ауылына жете бергенде байланысқа шыққан.

«Бүгінгі күні құрамында 33 адам және 8 бірлік техникадан тұратын 5 іздеу тобы жұмылдырылды. 27 қараша күні сағат 11:00-де авиа іздеу үшін «Қазавиақұтқару» еврокоптері (Ақтөбе-Құмсай-Қайрақты-Қайыңды-Милысай-Аралтоғай) ұшты», – делінген хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.