28.11.2021, 09:36
Оқиғалар
Жамбыл облысында 7 бірдей көлік апаты орын алды
Оған жолдың тайғақтығы себеп болған
Фото ашық дереккөзден
Жамбыл облысында көктайғақ пен жолдың нашар көрінуінен бірнеше жол апаты тіркелді. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.
Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының Жамбыл облысы аумағындағы учаскесінде 7 көлік апатқа ұшыраған. Жолдың тайғақ болуынан бірнеше жүк көлігі аударылып, жеңіл көліктер бір-біріне соқтығысқан.
«Жол-көлік апаттарында зардап шеккен адамдар жоқ. Оқиғалар тексеріліп жатыр», - деп мәлімдеді Полиция департаменті.
Айта кетейік, Жамбыл облысында ауа райының бұзылуы байқалуда – қар, көктайғақ және тұман. Қардың мол түсуіне байланысты полицейлер өңір аумағында күшейтілген қызмет режиміне көшті.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды