24.11.2021, 14:29
Оқиғалар
Ақтөбеде екі зейнеткер өзенге батып кетті
Ол мал іздеуге кеткен
Ақтөбе облысында Темір өзеніне екі зейнеткер батып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
23 қарашада Темір ауданының тұрғыны Темір өзенінен адамның мәйітін тауып, полицияға хабарлаған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілді. Олар Кеңқияқ кентінің 65 жастағы тұрғынының мәйітін судан шығарды.
Туыстарына сұрастыру, жауап алу кезінде марқұмның көршісімен бірге мал іздеуге кеткені белгілі болды. Тереңдігі шамамен 2,5 метр болатын өзен түбінен сүңгуірлер 63 жастағы көршісінің мәйітін тауып шығарды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
