22.11.2021, 17:18
Оқиғалар
«Күйеуімен жанжалдасқан»: Алматыда үш баласымен бірге суицид жасаған әйелдің өлім алдындағы хаты табылды
Балалардың үлкені – 6 жаста, ортаншысы – бесте, кішісі – екі жаста
Алматыда үш баласын тоғызыншы қабаттан лақтырып, артынан өзі секіріп өлген келіншек өлер алдында хат жазып кеткен деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, әйел күйеуімен жанжалдасып, соңы осындай қайғылы оқиғамен аяқталған. Ол алдымен терезеден үш баласын бірінен соң бірін лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткен.
Sputnik порталының жазуынша, отағасының жасы 30-да болған, оқиға болған сәтте ол үйде болмапты. Келіншек есікті іштен құлыптап алған.
Қазіргі таңда полиция аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды