Түркістан облысында кәрізден жаңа туған сәбидің денесі табылды
Полиция "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады
Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылында жаңа туған сәбидің денесі табылды, деп хабарлайды Отырар тв.
Басылымның хабарлауынша, 16 қарашада полицияға қоңырау шалып, кәрізден жаңа туған нәрестенің денесі табылғанын хабарлаған.
Полицейлер сәби денесі табылған аумақты сүзіп шығып, оқиға куәгерлерін тергеді. Іздеу нәтижесінде тәртіп сақшылары босанған әйелді тапты. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Қыздың психикалық ауытқулардан зардап шегетіні, есепте тұрғаны және уақытымен емделетіні белгілі болды. Тергеу барысында полиция күдіктінің жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын анықтады. Бірақ оның ауруына қарамастан, онымен ресми қарым-қатынас орнатқысы келетін жігіті бар екені белгілі болды.
Сондай-ақ, нәрестенің мерзімінен бұрын туылғаны және өлі туылғаны анықталды. Соған қарамастан, полиция "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады.