$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.11.2021, 16:38
Оқиғалар

Анкарада тұрғын үй жарылып, екі адам қаза болды

Оқиғаға газ жарылысы себеп болуы мүмкін

Анкарада тұрғын үй жарылып, екі адам қаза болды

Анкарадағы Кечиорен ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болып, салдарынан екі адам (оның ішінде бір бала) қаза болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Анкара губернаторы Васип Шахин Қызылпынар көшесі, 114 мекенжайында үш қабатты үйдің қирандысы астынан алты адам шығарылғанын мәлім етті.

«Өкінішке қарай, алты азаматтың екеуі қайтыс болды. Ауруханаға жатқызылғандардың бірінің жағдайы ауыр. Үйінді астында басқа ешкім жоқ деп үміттенемін», - деді губернатор іздеу және құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын атап өтті.

Шахин қираған ғимаратта 11 пәтер болғанын, олардың бір бөлігі бос болғанын атап өтті.

Губернатор оқиғаға газ жарылысы себеп болған деген нұсқаны айтты, әзірге нақты ешнәрсе әлі анықталған жоқ.

Серіктес жаңалықтары