ШҚО-да Қазақстаннан алты жыл бойы зейнетақы алып келген Ресей азаматы анықталды
Ер адам 2005 жылы РФ азаматтығын қабылдаған
Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында 6 жыл бойы заңсыз зейнетақы алып келген Ресей азаматы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Көші-қон қызметінің мамандары зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықпен салыстырып-тексеру жүргізу кезінде Шемонаиха ауылы тұрғынының Ресей Федерациясының азаматтығын алғанын анықтады.
Белгілі болғандай, ер адам 2005 жылы РФ Алтай аймағында сол елдің азаматтығын қабылдаған. Алайда сол туралы ҚР Ішкі істер органдарына хабарламаған», - делінген ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Осылайша ол Ресей азаматы болғанмен 6 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген.
«Оған ҚР құжаттарын пайдаланғаны үшін ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Қазіргі уақытта қазақстандық құжаттары тәркіленген ер адам ел азаматтығынан айырылды», - деді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Айта кетейік, өткен айда Солтүстік Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында тұратын Ресей азаматы 4 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келгені анықталған.