17.11.2021, 11:51
Оқиғалар
Қазақстанда 20 жыл құлдықта болған ресейлік жігіт ата-анасына видеоүндеу жолдады
Жігітті күштеп ұстаған азамат қамауға алынды
Әлеуметтік желіде Қазақстанда құлдықта жүргеніне 20 жыл болғанын айтқан ресейлік жігіт ата-анасына видеоүндеу жолдап, көмек сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода ер адам Ярослав облысының тумасы екенін айтып, өзін Алексей Котовпын деп таныстырды. Айтуынша, ол Қарағанды облысы Ақжал ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде құлдықта жүр.
Ресейлік жігітті зорлықпен ұстаған 44 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 126-бабы бойынша (Заңсыз бас бостандығынан айыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Айта кетейік, Ресей елшілігі де аталған істі өз тексеруіне алды.
Көп оқылған
07.11.2026, 11:43
Алматыда Меладзенің концертінде жанжал шығарған 3 әйел қамалды (ВИДЕО)
07.11.2026, 06:23
Семейде жолаушылар автобусы өртке оранды (ВИДЕО)
07.11.2026, 12:07
Павлодарлық оқушының грантына Гарвард университеті араласты: Айханым Оқасова оқуға түсті ме, жоқ па
07.11.2026, 14:13
Шымкентте өзенге қоқыс жәшігін лақтырған тұрғын ұсталды
07.11.2026, 21:19
Кешкі серуен қайғылы аяқталды: Toyota Camry екі адамды қағып кетті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды