Ресей азаматы 4 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып отырған
Ол 2013 жылы Саратов облысына барып, РФ азаматтығын алған

Солтүстік Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында тұратын Ресей азаматы 4 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
ШҚО Полиция департаментінің Көші-қон қызметкерлері қос азаматтығы бар адамдарды анықтау үшін облыс аумағында күнделікті жұмыс жүргізуде.
«Қос азаматтықпен жүрудің себептерінің бірі – бұл карантиндік шектеулер кезеңінде мемлекеттік шекараны кедергісіз кесіп өту, төтенше жағдайлар туындаған кезде шұғыл эмиграция мүмкіндігі, жаппай тәртіпсіздіктер, қылмыстық қудалау, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы, материалдық артықшылықтар алу, атап айтқанда зейнетақы есебі, балалардың тууы кезіндегі жәрдемақы, жоғары оқу орындарына түсу кезінде жеңілдік шарттары болып отыр.
Жыл басынан бері 800-ден астам адам Қазақстан азаматтығынан айыру тіркелді. Негізгі бөлігі – Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған тұлғалар», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев. ⠀
Сонымен қатар, қос азаматтық үшін 85 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде шетелдік азаматтықты алу фактісі туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін – 24, Қазақстан Республикасының паспорты мен жеке куәлігін пайдаланғаны үшін – 61.
Қос азаматтықтың тағы бір жағдайы Шемонаиха ауданының Көші-қон қызметінің қызметкерлері анықтады. Тәртіп сақшылары 2013 жылы Саратов облысында Ресей Федерациясының азаматтығын алған, 63 жастағы қала тұрғынын анықтады. Ол Қазақстанда тұрып, ҚР азаматтарының құжаттарын пайдаланған. Ресей азаматы Қазақстаннан зейнетақы алғаны және осы күнге дейін мемлекеттік қызметтерді пайдаланғаны анықталып отыр.
«Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттары алынып, азаматтығынан айырылғаны тіркелді. Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК- нің 496-бабы бойынша 100 АЕК көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,- деді Сағат Мадиев.
Айта кетейік, Қазақстанда қос азаматтық алуға тыйым салынған.