27.10.2021, 10:39
Оқиғалар
Қарағанды тұрғыны екі трактордан 750 литр дизель отынын ұрлап кетті
Қазір Қылмыстық кодекстің ұрлық бабы бойынша іс қозғалды
Қарағанды облысында ауыл тұрғыны екі трактордан 750 литр дизель отынын ұрлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
23 қазанда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция бөліміне шаруа қожалықтардың бірінің 56 жастағы басшысынан арыз түсті. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу түнде далада тұрған екі трактордан 750 литр дизель отынын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 247 мың теңгені құрады.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер ізін суытпай күдікті – ауылдардың бірінің 37 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда.
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
20.10.2026, 15:55
Бір қария ауыр хәлде: Солтүстік Қазақстан облысында екі ер адам қоқыстан тауып алған сұйықтықты ішіп, қаза тапты
20.10.2026, 09:59
Зейнеп Ахметова әнші Сәкен Майғазиевке көңіл айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды