$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
15.11.2021, 11:17
Оқиғалар

Павлодар облысында колледж бухгалтері бюджеттен 26 млн теңге жымқырды

Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды

Павлодар облысында колледж бухгалтері бюджеттен 26 млн теңге жымқырды
Фото ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті Павлодар қаласындағы «Ақпараттық технологиялар колледжі» ШЖҚ КМК-да ақша қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады, деп хабарлады Azattyq Rýhy.

Колледждің бас бухгалтері Ю.Безпалая өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, 2015-2020 жылдар аралығында бюджет қаражатын заңсыз иелену бойынша қылмыстық схеманы ұйымдастырған.

Ол колледжге жалған жұмысқа орналасу үшін таныстары мен туыстарын тартып, содан кейін олардың атына заңсыз жалақы аударып, сол қаражатты иеленіп отырған.

«Ю.Безпалая 7 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына тартылды, сонымен қатар, ол бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айырылды», ˗ делінген Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан хабарламада.

Серіктес жаңалықтары