Таразда әйел адам тұрғындардың 45 млн теңгесін алдап алып кеткен
Ол 3-7 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Таразда әйел адам тұрғындарды 45 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласы полиция бөліміне облыс орталығының тұрғындары арызданды. Олардың айтуынша, 2021 жылдың сәуір-тамыз аралығында бейтаныс әйел адам сенімге кіріп, ломбардқа алтын бұйымдарын уақытша өткізгені үшін ақшалай сыйақы беремін деп алдаған.
Анықталғандай, ол жалпы құны 45 миллион теңгеден астам тұратын алтын бұйымдарды иемденіп кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлерімен 31 жастағы Тараз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті өз кінәсін мойындап, қамауға алынды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-тармағымен (Алаяқтық) жүргізілуде. Мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға көрсетілген.