$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыдағы шіркеулердің бірінде тегін таратылған киімдерді алуға келген қазақтар дау шығарды

Киімнің бар саны 30-дай, ал баламызды киіндіреміз деп келген жұрт 500-ден асады

Алматыдағы шіркеулердің бірінде тегін таратылған киімдерді алуға келген қазақтар дау шығарды

Алматыдағы шіркеулердің бірінде тегін таратылған киімдерді алуға 500-ге жуық ата-ана келген. Кезекке таласып шу шығарғандардың көбі – ауылдан келген қазақтар. Әр ата-ана жандарына 5-6 алты баладан ертіп келген. Алайда әлеуметтік жағдайы төмен жанұялардың бәріне шіркеу таратқан киімдер жетпей қалғандықтан, халық дау шығарып, ұйымдастырушылар полиция шақыруға мәжбүр болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Ешқандай құжат керек емес. Тек 14.11.21 күні сағат 11:00-де барасыз. Керек киімдеріңізді тегін аласыз. Мектепке арналған қыстық киімдер де бар. Алматылықтар, басқа топтарға таратыңыздар. Таныстарың, көршілерің көпбалалы болса немесе жағдайы төмен отбасы болса келсін», - делінген хабарламада.

Алайда жылдам тараған жарнаманы естіген Алматы облысының тұрғындары таң атпай қаладағы шіркеуге ағылған. Киім алмақ түгілі ғимараттың есігінен кіре алмай қайтқан халық дау шығарған.

«Киімнің бар саны 30-дай, оның өзі шіркеуге келген елден жиылған киілген киім-кешек. Ал баламызды киіндіреміз деп келген жұрт 500-ден асады. Әлбетте, алғашқы 20 адам алғанын алды, қалғаны киімсіз қалды. Жұртты дүрліктіріп мынадай хабарлама таратқан кім? Мұндай әлеуметтік шараның артында кім тұр? Мақсаты не? Құзырлы органдар анықтасын», - деді белгілі журналист Гүлмира Әбіқай.

Әлеуметтік акцияны ұйымдастырушылар аталған жағдайға қатысы кейінірек түсініктеме беретіндерін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Алматы #шіркеу