$ 530.12  546.08  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.11.2021, 22:47
Оқиғалар

Полицейлер Өскеменде бір апта бұрын жоғалған әйелді «Сергек» камерасы арқылы тапты

Әйел бір апта бойы құрбысының үйінде болған

Полицейлер Өскеменде бір апта бұрын жоғалған әйелді «Сергек» камерасы арқылы тапты
Фото ашық дереккөзден

Осыдан бір апта уақыт бұрын жоғалып кеткен өскемендік әйел «Сергек» камерасы арқылы аман-есен табылды. Бұл туралы Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Хабарламаға сүйенсек, қала тұрғыны Аяулым Садықова 25 қазан күні үйінен шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Күйеуімен жанжалдасып қалған әйел түнгі уақытта құрбысының үйіне барып қонады. Ал 26 қазанда сол үйден белгісіз бағытта кетіп қалған әйелден ешкім хабар ала алмаған.

«Зайыбын өз бетімен қанша іздегенімен еш нәтиже шықпағаннан кейін ер адам полицияға хабарласып, көмек сұрады. Тәртіп сақшылары мен еріктілер жедел-іздестіру шараларына кіріскен. Алайда бірнеше күн бойы әйел адамды табу мүмкін болмады», - делінген хабарламада.

Арада бір апта өткен соң Аяулым Садықова аман-есен табылды. Просторная көшесінде жүрген оны полиция қызметкерлері «Сергек» камерасы арқылы тауып алған.


 

 

Серіктес жаңалықтары