$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.11.2021, 15:39
Оқиғалар

Түркістанда жоғалған қыз Алматыдан табылды

Қазір ол ата-анасына аман-есен табысталды

Түркістанда жоғалған қыз Алматыдан табылды

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 18 жастағы қызды Алматы қаласынан тауып, отбасына қайтарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Оның айтуынша, күндізгі сағат 16:00 шамасында 18 жастағы қызы аудан орталығындағы жұмысына барып келемін деп, үйінен шығып, сол күйі оралмаған.

Полиция қызметкерлері толық құрамда қызды іздеуге кірісті. Таныстарының үйін толық аралап, жақын құрбыларынан сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары жоғалған қызды тез арада табу мақсатында көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастырды. Нәтижесінде тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталды. Ол Алматы қаласынан табылды. Қазір ол ата-анасына аман-есен табысталды.

Полиция қызметкерлері жоғалған қыздың жұмыс істеп, ақша таппақ болғаны, осылай ата-анасына көмек беруді ойлағаны анықталды.

Серіктес жаңалықтары