$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.10.2021, 16:44
Оқиғалар

Павлодар облысында заңсыз балық аулаған азаматтар ұсталды

Қолға түскен екі топтан 200 келіден астам балық тәркіленді

Павлодар облысында заңсыз балық аулаған азаматтар ұсталды
Павлодар облысы Полиция департаменті

Рейдтік іс-шаралар барысында "Ленин - Русская Поляна" автожолында полиция қызметкерлері "Ниссан" маркалы автокөлікті ұстады. Тексеру кезінде автокөліктен балық аулауға тыйым салынған қытай өндірісінің моноторлары, сондай-ақ жалпы салмағы шамамен 25 кг болатын балық салынған сөмкелер табылды. Бұл туралы Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

 Көлік салонында жүргізушіден басқа тағы екі жолаушы болған. Ер адамдар Ертіс өзенінің "Тентек" арнасынан балық аулаудан келе жатқанын айтты.

Көліктен табылған балық аулау құралдары - моноторлары, қайық, нейлон торы және ауланған балықтары заттай дәлел ретінде алынды.

Осыған ұқсас деректі "Ленин-Курчатов" автожолында Ақсу қаласының патрульдік полициясы анықтады. Мұнда балық аулау ережелерін бұзғаны үшін қаланың екі тұрғыны ұсталды, заттай дәлел ретінде олардан резеңке қайық, монотор және салмағы 188 кг болатын ауланған балық тәркіленді.

Аталған фактілер бойынша материалдар сотқа жолданды.

Серіктес жаңалықтары