$ 513.68  583.03  6.24
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.10.2021, 14:44
Оқиғалар

Жамбыл облысында мұнай резервуарлары отқа оранды

Өрттен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ

Жамбыл облысында мұнай резервуарлары отқа оранды

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Аса ауылында «Амангелді ГӨЗ» ЖШС (газ өңдеу зауыты) Тараз филиалының аумағында жалпы көлемі 480 текше метр дизель отыны бар екі резервуар өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жамбыл облысы ТЖД кезекші қызметіне хабарлама 12 сағат 4 минутта түсті.

«Өрт орнына Жамбыл облысы ТЖД бастығы мен жедел тобы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел тобы шықты. Барлығы 75 қызметкер мен 21 бірлік техника жұмылдырылды. Сондай-ақ оқиға орнында құрамында 7 адам мен 2 техникасы бар объектінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі жұмыс істеді.

Қызыл жалын 13 сағат 5 минутта ауыздықталып, 13 сағат 17 минутта сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Алдын ала себеп – мұнай өнімдерін (дизель отыны) айдау кезінде технологиялық процестің бұзылуы.

Серіктес жаңалықтары