$ 495.28  518.41  5.44
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.10.2021, 15:53
Оқиғалар

Өскеменде полицей қағып өлтірген жігіттің анасы Тоқаевқа үндеу жасады

22 жастағы Александр Климовтың туыстары күдіктінің аталған іске неліктен куәгер ретінде тартылғанын түсіне алар емес

Өскеменде полицей қағып өлтірген жігіттің анасы Тоқаевқа үндеу жасады
Видеодан кадр

Семей-Өскемен тасжолында болған жол-көлік апаты салдарынан ауруханада көз жұмған 22 жастағы Александр Климовтың туыстары оны көлігімен қағып кеткен полицейдің аталған іске неліктен қорғауға алынған куәгер ретінде тартылғанын түсіне алмай отыр, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy YK-news.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада Александрдың анасы Президентке және Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының қызметкерлеріне арнап үндеу жариялаған. Әйелдің айтуынша, ұлының өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу Ішкі істер министрлігіне өткізілген. Алайда ол тергеу біржақты бола ма деп қорқатынын айтып, істі арнайы прокурорлар басқармасына беруді талап етеді.  

Жол-көлік оқиғасы 2 қараша күні түнде Семей – Өскемен тасжолының 25-ші шақырымында болған.

«Белгілі болғандай, 22 жастағы Александр достарымен бірге келе жатып, көлігінің дөңгелегін нығайтып алу үшін сыртқа шыққан. Сол сәтте оны өтіп бара жатқан «Лада» көлігі қағып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен», - делінген хабарламада.

Александрдың туыстары ол жүргізушінің Семейден Өскеменге қайтып келе жатқан полиция қызметкері (тергеуші) екенін айтады.

ШҚО Полиция департаменінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы кезінде «Лада» жүргізушісі расымен де полиция қызметкері болған, сол оқиғадан кейін ол «жағымсыз себептерге» байланысты ішкі істер органдарынан босатылған.

Серіктес жаңалықтары