$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.10.2021, 10:01
Оқиғалар

Голливудтағы фильм түсірілімі кезінде актер абайсызда операторды атып өлтірді

Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр

Голливудтағы фильм түсірілімі кезінде актер абайсызда операторды атып өлтірді

«Алтын глобус», «Эмми» сыйлықтарының иегері, сол сияқты «Оскар» номинанты Алек Болдуин түскен фильмдегі эпизодта актерлердің бірі абайсызда операторды атып өлтірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі TMZ-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Нью-Мексико штатындағы Санта-Феде жерінде болды. Онда актер Алек Болдуиннің қатысуымен кезекті фильмнің түсірілімі болып жатқан. Эпизодтардың бірінде актерлер өзара мылтықтан оқ атуы керек еді. Алайда қарулардың бірі шынайы әскери оқтармен оқталыпты.

Салдарынан атылған оқтар екі адамға – оператор мен режиссерға тиді. Оператор ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенмен дәрігерлер аман алып қала алмады. Ал дәл осы қанды эпизодқа түскен Алек Балдуин дін аман, зардап шеккен жоқ.

Әзірге мылтыққа неліктен әскери оқ салынғаны белгісіз. Қазір оқиға орнында полицейлер жұмыс істеп жатыр. Ал түсірілім уақытша тоқтатылды.

Серіктес жаңалықтары