$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.10.2021, 00:57
Оқиғалар

Алматыда 24 жастағы қызды көлік қағып өлтірді

Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік сол қарқынмен аялдамадағы жаяу жүргіншіні де қағып өткен

Алматыда 24 жастағы қызды көлік қағып өлтірді
Фото: Sputnik Казахстан

Алматыда қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік жолдың рұқсат етілмеген тұсынан өтіп бара жатқан қызды қағып кетті. Бойжеткен алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы аяқталған жол-көлік апаты 15 қазанда шамамен 15:00 шамасында Түрксіб ауданындағы Сүйінбай даңғылының бойында, Бекмаханов көшесінің солтүстік бағытында болған.

«Мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ «Audi S-2» маркалы автокөлігінің (автокөлік тізілімнен шығарылған) К. есімді жүргізушісі Сүйінбай даңғылының бойымен солтүстік бағытта кетіп бара жатып, №200 үйдің қарама-қарсы тұсында жолдың рұқсат етілмеген жерінен кесіп өтпек болған 1997 жылы туған С. есімді жаяу жүргіншіні (24 жаста)  қағып кетті. Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік сол қарқынмен қарсы жолаққа шығып кетіп, аялдама тұрған басқа жаяу жүргіншіні, яғни 1996 жылы туған (25 жаста) А. есімді азаматты қаққан, содан кейін жарық бағанына, артынша №204 үйдің қоршауына барып соғылған», - дейді Алматы қаласы ПД тергеу бөлімінің бастығы Олжас Шәріпов.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан көшені кесіп өтпек болған жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, ал екінші адам Алматыдағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

Қазіргі уақытта «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары