$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.10.2021, 01:46
Оқиғалар

Ақтөбе мектептерінің бірінде сабақ кезінде тышқан улау жұмыстары жүргізілген

Дезинфекция жұмыстарын демалыс күндері жүргізбеген мектеп басшылығына сөгіс жарияланды

Ақтөбедегі №9 мектеп-гимназияда құрт-құмырысқа мен жәндіктерді улау жұмыстары сабақ үстінде жүргізілген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Білім ордасының ғимаратын аяқ астынан қою бу тұмшалаған соң оқушылар мен мұғалімдер далаға лап беріпті. Әлеуметтік желіде жарияланған бейнетаспада балалардың зәре-құты қашқаны көрініп тұр.

Көпшіліктің наразылығын тудырған мәселе жоспарлы дезинфекциялау жұмысы болып шықты. Мектептің жертөлесін санитар мамандар арнайы препаратпен улауға кіріскен. Алайда олар бұл уақытта екінші ауысымдағы 5 пен 7-сынып оқушыларының бар екенін ескермеген. Қалалық білім бөлімінің өкілдері ата-аналарға жәндіктерді жоюға арналған дәрі-дәрмектің адам ағзасына ешқандай залалы жоқ деп сендірді. Дегенмен, демалыс күндерін күтпеген мектеп басшылығына сөгіс жариялаған.

«Қалалық білім бөлімінің тарапынан мектеп басшылығына  оқу процесі кезінде дезинфекция жұмыстары жүргізілгені үшін қатаң сөгіс берілді . Және қазіргі таңда ешқандай медициналық көмекке мұқтаж болып немесе бір наразылық білдіріп жатқан ата-аналар немесе баланың денсаулығына зиян келтірді деген ақпарат жоқ. Сабақ бүгін қалыпты жағдайда өтуде», - деді қалалық білім бөлімінің басшысы Меткүл Қосымбаева.

 
Серіктес жаңалықтары