Елордада үш мектепке бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат тарады

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды

 
Елордада үш мектепке бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат тарады

Нұр-Сұлтан қаласындағы үш бірдей мектепке жарылғыш заттар қойылды деген жалған қоңырау түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, полицияның кезекші бөліміне орта мектептерге бомба қойылғаны туралы хабарлама түскен.

«Шұғыл түрде тексеру жұмыстары жүргізілді, алайда ақпарат расталмады. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ», - делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жарылғыш заттың салынғаны туралы көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертеді. Сондай-ақ азаматтардан үрей туғызбауды және мессенджерлерге жалған хабарламалар жібермеуді сұрайды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.