Ақмолада өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден зейнеткерді алып шықты
Өткен демалыста зейнеткердің үйінде қауіпсіздік шаралары түсіндірілген
Ақмола облысында өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден зейнеткерді аман алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін, 11 қазан күні сағат 01.16-да Ақмола облысы ТЖД өрт сөндірушілері Шортанды ауданы, Научный ауылы, Бараев к-сі, 2 қабатты, 8 пәтерлі тұрғын үйде болып жатқан өрт туралы хабарламаға шықты, бірінші қабаттағы 30 шаршы метр алаңдағы пәтерде өрт болған.
Өрт сөндірушілер өрт сатысының көмегімен терезеден пәтерге кіріп 1961 жылы туған үй иесін құтқарды, зейнеткер Шортанды ауданына ауруханаға жатқызылған. Сондай-ақ, ТЖД күшімен баспалдақ маршы бойынша бір адам эвакуацияланды. Өрт 01-45 ауыздықталып, 02-00 аяқталды. Өрттің шығу себебі анықталуда», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында адамдардың қаза болуына жол бермей, іргелес пәтерлерді де қорғауға мүмкіндік туды.
Айта кету керек, өткен сенбіде Шортанды ауданының ТЖБ қызметкерлері зейнеткердің пәтерінде болып, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізген. Бірақ қауіпсіздік шараларына жүрдім-бардым қарау оқыс оқиғаның орнауына әкелді.
Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.