28.09.2021, 13:38
Оқиғалар
Алматы облысының Қора шатқалында орман өртеніп жатыр
Өрт тікұшақпен сөндіріліп жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Алматы облысының Қора шатқалында орман өртеніп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Хабар24»-ке сілтеме жасап.
Қызыл жалын таулы аймақта тұтанған. Қою көк түтін жағдайды одан сайын күрделендіре түсті. Орманды алқаптағы қызыл жалынды сөндіру үшін жергілікті атқарушы органдар мен облыстық ТЖД қызметкерлерінен жасақталған штаб құрылды. Оқиға орнында жүзге жуық адам жұмыс істеп жатыр. 10 арнайы техника тартылған. Әуеден барлау кезінде шамамен 20 га жердің отқа оранғаны белгілі болды.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, елді-мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Ең жақыны Текелі қаласы 17 шақырым қашықтықта орналасқан.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: Оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді