Қазақстанда жүрген АҚШ азаматы балалар порносын таратқаны үшін 23 жылға сотталды

Балалар порнографиясын түсіру – ең ауыр қылмыс

көрнекі фото: interpol-stop.com

АҚШ-тың Ричленд қаласының 50 жастағы тұрғыны Трент Дрексел Ховард балалар порнографиясы жайлы 168 файл таратқаны үшін Қазақстанда ұсталып, экстрадицияланған. Биыл 23 қыркүйекте сотталушы кінәсін мойындаған. Енді ол 23 жыл бойы АҚШ түрмесінде жазасын өтейді, деп хабарлайды Вашингтонның Шығыс округінің прокуратурасы.

«Балалар порнографиясын түсіру – ең ауыр қылмыс. Осы қылмысты анықтауға атсалысқан штаттың құқық қорғау органдарына, жергілікті және федералды органдарға алғысымды білдіремін. Вашингтонның Шығыс округінің прокуратурасы алдағы уақытта да мұндай іске кімдердің қатысы бар екенін анықтай береді», - дейді прокурор Джозеф Х. Харрингтон.

Сотталушының Ричлендтегі үйінде 2008-2016 жылдар аралығында 14 баланы түсіру үшін жасырын камералар орнатылғаны анықталды. Федералдық агент оның үш қаладағы үйін тінтіп шықты. Нәтижесінде 100-ден астам электронды құрылғы табылды. Ол балалар порнографиясы жөніндегі файлдарды интернеттегі жалпыға ортақ файл алмасу желісі арқылы жасырын агентке жіберген.

«Федералды агенттер Ховардтың үйін тінту туралы шешім қабылдағанын естіген соң ол Қазақстаннан ешқайда шыққан жоқ. Ал 2019 жылдың 12 қыркүйегінде Қазақстан билігі оны тұтқынға алды. Қазақстандық судья Ховардты АҚШ-тан экстрадициялау туралы хабар күткен. Әділет министрлігінің Халықаралық істер басқармасының мәліметінше, Ховардты Қазақстаннан АҚШ-қа экстрадациялау алғаш рет тіркеліп отыр», - делінген Вашингтонның Шығыс округінің прокуратурасы таратқан хабарламада.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.