Қостанай облысында ер адам ұзақ уақыт бойы туған қызын зорлап келген
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр

Қостанай облысында ер адам өз қызын зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Ол қыз баланы 8 жасынан бастап азғындаумен айналысса, 12 жасынан бастап зорлаған деп жазады tobolinfo.kz.
«Оның азғындық әрекеті төрт жылға жалғасқан, сосын 12 жасынан бастап зорлық әрекетке көшкен. Күн сайын зорлаған. Бұл қарапайым қатардағы отбасы, ешқандай органның есебінде болмаған», - деп хабарлады жәбірленуші тараптың қорғаушысы.
Баланың кәмелетке толмауына байланысты оның аты-жөні, мекен-жайы, тіпті жасы да айтылмайды. Адвокаттың сөзінше, кішкентай қыз әкесінің әрекетін түсінбеген, мұндай жайт әр отбасында болады деп ойлаған.
«Анасы болса жағдайды алдын күні ғана білді. Қыз қазір күйзелісте», - деді ол.
Аталған оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Күдікті дереу ұсталды. Ал, қызымен психологтар жұмыс істеп жатыр.