24.09.2021, 17:16
Оқиғалар
Пермь университетінде атыс ұйымдастырған студент есін жиды
Ол 20 қыркүйек күні 6 адамды атып өлтіріп, тағы 20-дан астам адамды жаралаған
Фото: ашық дереккөзден
Ресейдегі Пермь университетінде атыс ұйымдастырған Тимур Бекмансуров есін жиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy РИА Новостиге сілтеме жасап.
«Оқу орнында оқ атқан Тимур Бекмансуровтың жағдайы жақсарды», - деді облыстық денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Анастасия Крутен журналистерге.
Айта кетейік, 20 қыркүйекте Пермь қаласындағы ұлттық зерттеу университетінде атыс болды. Соңғы ақпаратқа сүйенсек, атыс салдарынан алты адам қаза тапқан және 20-дан астам адам зардап шекті.
Университетте болған атысты Тимур Бекмансуров есімді Перм қаласының тұрғыны өз мойнына алған.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
