ШұғылКоронавирусты жұқтыру қарқынында өсім байқалды

Ресейде атыс ұйымдастырған студенттің анасы баласы жайлы пікір білдірді

Кеше Пермь қаласындағы ұлттық зерттеу университетінде атыс болып, 6 адам қаза тапты

Пермь университетінде атыс ұйымдастырған Тимур Бекмансуровтың анасы баласы жайлы пікір білдірді. Оның айтуынша Тимурмен араларында ешқандай жанжал болмаған, деп хабарлайды ОСН медиа.

Соңғы рет ол баласын дүйсенбі, 20 қыркүйек күні таңертең көрген. Ұлы сабағына жиналып жатқанда жұмысына кеткен.

«Арамызда ешқандай жанжал болған емес. Ол тып-тыныш, өзін сабырлы ұстайтын. Қарым-қатынасымыз жақсы болатын», - деді Тимур Бекмансуровтың анасы.

Сөз арасында баласының қыдырымпаз еместігін, ешқайда шықпайтынын, жаман әдеттерден аулақ болғанын қозғап өтті.

«Ол ешкіммен дауласпайтын», - деп қосты анасы.

Ал әкесі бөлек тұрады, бірақ баласымен жиі хабарласып, байланысын үзбеген.

ОСН медиа мәліметі бойынша, осыған дейін атыс ұйымдастырған студенттің танысы оның мінез-құлқындағы қызық жағдайлар туралы айтқанын хабарлаған. Оның айтуынша, Тимур ылғи қайғырып жүретін, есірткі қолданған, Гитлер, қару-жарақ туралы айтқанды ұнататын болған.

Айта кетейік, кеше, 20 қыркүйекте Ресейдің Пермь қаласындағы ұлттық зерттеу университетінде атыс болып, 6 адам қаза тапты.