$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.09.2021, 09:34
Оқиғалар

Бес адамды атып өлтірген алматылықтың ұсталған сәті (ВИДЕО)

Атыс салдарынан екі полиция қызметкері, бір сот орындаушысы және екі бейбіт тұрғын қаза тапты

Бес адамды атып өлтірген алматылықтың ұсталған сәті (ВИДЕО)
скриншот: видео

20 қыркүйек сағат 17:00 шамасында Алматы қаласындағы «Ақбұлақ» шағынауданында қайғылы оқиға болды. «Жер үйді босату туралы» сот қаулысын орындау кезінде осы үйдің 1967 жылғы тұрғын сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына және ТЖД қызметкерлеріне қарсы оқ атты.

Instagram-дағы kris_p_brothers_official парақшасы Алматыда үйінің ауласында бес адамды атып өлтірген азаматты ұстау сәтін түсіріп алған куәгерлердің видеосын жариялады.

Хабарлауынша, оқ жаудырған тұрғынның аты-жөні - Игорь Дужнов.

Айта кетейік, 54 жастағы ер адам үйден шығару туралы сот шешімін орындауға келген сот орындаушыларына, полиция қызметкерлеріне және ТЖД қызметкерлеріне аңшы мылтығынан оқ жаудырған. Нәтижесінде екі полиция қызметкері, бір сот орындаушысы және екі бейбіт тұрғын, соның ішінде үйдің жаңа қожайыны қаза тапты.

Қаза тапқан полиция қызметкерлері:

Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция майоры Дархан Дауылбайұлы Сүлеев, 1982 жылы туған.

Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Нұрбол Назарбайұлы Байғазиев, 1988 жылы туған.

Серіктес жаңалықтары