27.12.2019, 10:41
Оқиғалар
Ұшақ апаты: қаза тапқандар саны 14 адамға жетті, ауыр халде 17 адам жатыр
Жараланғандар арасында кішкентай 8 бала бар
ТЖК
Алматы іргесінде болған ұшақ апаты салдарынан қайтыс болғандар саны 14 адамға жетті деп хабарлайды Azattyq Ruhy Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға Талғар ауданына қарасты Әлмерек ауылында болған.
«Жедел жәрдем станциясына хабар 7:43-те келіп түскен. Оқиға орнына Алматы облысынан 16 бригада, Алматы қаласынан 35 бригада аттанған. Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханаға аса ауыр халде 5 науқас жеткізілді», - делінген аталған хабарламада.
Алматыдағы балалар ауруханасына түрлі дене жарақаттарымен кішкентай 8 бала, жедел медициналық көмек көрсету орталығына ересек 5 адам, №4 қалалық клиникалық ауруханасына аса ауыр халде 17 адам жеткізілген.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады