$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.12.2019, 11:36
Оқиғалар

«Көретін дәм-тұзым бар екен» - Айгүл Иманбаева апатқа ұшыраған Bek Air-ге билет таппай қалған

Оның айтуынша құлаған ұшақта өнер адамдары да  болған

«Көретін дәм-тұзым  бар екен» - Айгүл Иманбаева апатқа ұшыраған Bek Air-ге билет таппай қалған

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева бүгін таңертең сағат 07:22-кезінде  Алматы маңында құлаған Bek Air ұшағының бортында өнер жұлдыздары болғанын өзінің Instagram парақшасында жазды. Ол шоу-бизнестегі  әріптестерімен таңертең әуежайда кездесіп, кешке елорда да концертте жүздеспек болған.

Айгүл Иманбаева дәл осы  Bek Air ұшағына мінбек болған. Алайда оған билет табылмапты. Әріптестерімен әуежайда кездескен Айгүл Иманбаева  бүгін кешке Нұр-Сұлтан қаласындағы концертте жолығатын болып келіскен.

«Бір Алла жар болсын. Ажал айтып келмейді. Барша апатқа ұшыраған жандардың туғандарына қайғырып көңіл айтамын. Алла сабыр берсін. Ішінде біздің өнер адамдары да бар. Жаңа әуежайда кездесіп, кешке концертте кездесеміз деп қоштасып кетіп едік. Бүгін Алматыдан мен де ұштым астанаға. Билет таба алмай осы Бэк Эйрге де қарадым. Билет болмады. Көретін дәм-тұзым бар екен. Еліміз аман болсыншы. Бір-бірімізге жақсы тілек тілейікші. Сіздерді жақсы көремін достар», - деп жазды Айгүл Иманбаева.

Серіктес жаңалықтары