$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.09.2021, 12:22
Оқиғалар

Нұр-Сұлтанда вакцина паспортын қолдан жасап сатқандар ұсталды

Медицина қызметкерлері кінәсін мойындады

Нұр-Сұлтанда вакцина паспортын қолдан жасап сатқандар ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан полицейлері вакцина паспортын қолдан жасап сатқан үш күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда аумағында криминалдық полиция қызметкерлері тұрақты негізде ПТР-тесттерден өткені немесе вакцинация паспорттары бойынша жалған анықтамалар дайындайтын және өткізетін орындарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді.

Кезекті тексеріс кезінде 38 және 40 жастағы 2 медицина қызметкері, сондай-ақ күдіктілердің бірінің 44 жастағы күйеуі ұсталды.

Медицина қызметкерлері соңғы үш ай ішінде ақшалай сыйақы үшін нақты инъекциясыз вакцина паспорттарын дайындау мақсатында жалған вакцинация жүргізгені анықталды. Медицина қызметкерлері екпе салдырмай-ақ вакцина паспортын алғысы келетіндерді тек алдын-ала төлем бойынша достарының ұсынысы бойынша қабылдаған.

Ал медицина қызметкерінің жұбайы клиенттерді тауып, кеңес беріп және қызмет үшін төлем алып отырған.

Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 385 бабы "Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл баптың санкциясы 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Тінту барысында медициналық құжаттар, ұялы телефондар тәркіленді. Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды. Медицина қызметкерлері кінәсін мойындады. Жалған вакцинация паспорттарын алу үшін оларға жүгінген адамдардың саны анықталып жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға кез-келген заңсыз әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Серіктес жаңалықтары