$ 514.93  536.04  5.18
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.09.2021, 01:32
Оқиғалар

Атырауда 3 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылды

Облыс аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр

Атырауда 3 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылды
Фото: ашық дереккөзден

Атырауда 3 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында облыс аумағында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара қызмет көрсетілетін әкімшілік аумақтағы құқықбұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейтуге бағытталды.

«Осы уақыт аралығында Атырау қаласының учаскелік полиция инспекторлары 200-ге жуық пәтерді, саяжайларды қамти отырып, облыс көлемінде орналасқан 253 қыстақ пен шаруа қожалығын тексерді», – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Іс-шара барысында қаруды сақтау және тіркеу мерзімдерін бұзудың 13 дерегі анықталып, бес қару бірлігі тәркіленді. Ата-аналардың тарапынан тиісті бақылауының жоқтығына байланысты ұсақ бұзақылық жасағаны, қоғамдық орындарда ішімдік ішкені және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болғаны үшін 217 кәмелетке толмаған бала полицияға жеткізілді. Сонымен қатар түнгі уақытта қоғамдық орындарда заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген ​ бала өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына екі жасөспірім орналастырылды.

Бұдан басқа, түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 3012 мың азамат жауапкершілікке тартылды, оның ішінде отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар аясында құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін 120 жанжалқой ұсталды.
 

Серіктес жаңалықтары