$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.09.2021, 00:17
Оқиғалар

Қостанайда жеке үйлердің бірінде жарылыс болып, 2 адам жансақтау бөліміне жеткізілді

Жарылыстан зардап шеккен тағы бір адам ауруханаға жеткізілді

Қостанайда жеке үйлердің бірінде жарылыс болып, 2 адам жансақтау бөліміне жеткізілді
Фото: ng.kz

16 қыркүйек күні кешкі уақытта Қостанайдағы Бородина көшесіндегі жеке үйлердің бірінде жарылыс болып, екі адам жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Костанайские новости» сайтына сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жарылыс болған үйде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан үш адам зардап шеккен. 

«Бұл үйде үш адам баллондағы көбікпен қабырғаларды бітеп, монтаждау жұмыстарымен айналысып жатқан. Сол уақыт аралығында ғимарат ішінде газ жиналып қалған. Жұмысшылардың бірі шылым шегіп жүріп жертөлеге түспек болған сәтте қатты жарылыс болған. Үйде болғандардың бәрін қатты күйік шалғандықтан, ауыр халде ауруханаға жеткізілді», - дейді куәгерлер.    

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения  Жылқыбаева төтенше оқиға кезінде зардап шеккендер туралы ақпарат берді. 

«Зардап шеккен үш адам қалалық ауруханаға жеткізілді. 1995 жылғы ер адамның басын, денесін, аяғын 3-ші дәрежелі күйік шалған, терісінің 80 пайызы күйіп қалған. 

Екінші ер адам – 1984 жылғы жұмысшының 35% терісі күйген, оның да басын, кеуде тұсын және тыныс алу жолдарын 3-ші дәрежелі күйік шалған.

Екі ер адам да жансақтау бөлімінде жатыр. 

Үшінші адам – 1983 жылғы жұмыскердің беті мен басының бір бөлігін 2-дәрежелі күйік шалған, терісінің 12%-ы күйген. Ол аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді, бірақ ауруханаға жатудан бас тартты», - деп хабарлады Ксения Жылқыбаева.   

Серіктес жаңалықтары