$ 499.51  525.83  4.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.12.2019, 23:16
Оқиғалар

Павлодар облысында 50-ден астам көлік қар құрсауында қалды

Олардың көпшілігі төтенше жағдай қызметінің жолдың жабық екені туралы ескертуін елемеген

Павлодар облысында 50-ден астам көлік қар құрсауында қалды
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында ақтүтек боранның кесірінен 50-ден астам көлік тас жолда қалып қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Арқадағы ақтүтек бораннан қарға адым жер көрінбей қалған. Соның салдарынан Екібастұз ауылдық округіндегі айналма жолда қырық жүк көлігі, үш автобус және он екі жеңіл машина қаңтарылып тұр. Кептеліп қалған көліктер алты шақырымға созылған. 

Құтқарушылар жолаушылар мен жүргізушілерді Босшакөл ауылындағы жылу пунктіне эвакуациялауды ұсынды. Алайда иін тірескен көліктеріне алаңдаған адамдар бұдан бас тартқан. Абырой болғанда, құтқарушылар араға бірнеше сағат салып, жолды тазалап, жиналған көліктер сапарын жалғастырды. 

«Ауа райының қолайсыздығы жайында халыққа ескерту жасалды. Бірақ көпшілігі оны елеместен жолға шығып кеткен. Тіпті тасымалдаумен айналысатын ұйым кәсіпорындарының басшылары да автобустарын рейске шығарған. Соның кесірінен олар орта жолда тұралап қалды», - дейді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ернар Бөлегенов.

Серіктес жаңалықтары