ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

Алматыда ірі жол апаты болып, 5 көлік соқтығысып қалды

Жол апаты Әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында болған

Фото: stv-online.tv

Алматыда әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшелерінің қиылысында бес автокөлік бір-біріне соқтығысып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СТВ телеарнасына сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, әл-Фараби даңғылының бойымен батысқа бағыт алған BMW X6 автокөлігі сол жақтағы жолаққа жедел бұрыламын деп Toyota Camry 70 көлігіне, одан кейін Toyota Camry 55-ке соғылған. Ал өз кезегінде Toyota Camry 55 автокөлігі Subaru Legacy маркалы көлігіне, ал Camry 70 тағы бір Camry 55-ке соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Camry 55 көлігінің жүргізушісі және BMW X6 көлігінің жолаушысы зардап шегіп, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. 

Алматы қалалық полициясы жол көлік апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр.