$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.12.2019, 11:08
Оқиғалар

Шырша кескен СҚО тұрғыны 75 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Жыл басынан бері облыста орманды заңсыз отаудың 52 фактісі тіркелген

Шырша кескен СҚО тұрғыны 75 мың теңге айыппұл төлеуі мүмкін

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Мамлют ауданының 40 жастағы тұрғыны облыстық маңызы бар трассаның бойында өсіп тұрған шыршаны кесіп алған. Дәл осындай жағдай Қызылжар ауданында да тіркелді.

Қазіргі таңда табиғатқа залал келтіргендерге қатысты әкімшілік іс қозғалған. Күдіктілердің әрқайсысы бір шырша үшін 75 мың теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір табиғатқа келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр. Шыршаны дүкеннен 2-5 мың теңгеге сатып алудың орнына, тегін иеленгісі келген күдіктілер енді сот алдында жауап береді. Екеуі де ағашты Жаңа жыл мерекесіне орай үйлерін безендіру үшін пайдаланбақ болғанын айтып отыр.

«Шырша кесу деректері жиі болады деп айта алмаймын. Дегенмен, бар, және олар заң талаптары бойынша жазаға тартылады. Жалпы айтар болсам, Солтүстік Қазақстан тұрғындары шыршаны заңсыз жолмен кесіп алғаннан көрі, базарға барып сатып алғанды жөн санайды», - дейді Жергілікті полиция басқармасы Табиғатты қорғау бөлімінің басшысы Сергей Липко.

Тәртіп сақшысы қылқан жапырақты өсімдіктер ғана емес, кез келген ағашты заңсыз кескендер жазаланатынын атап өтті. Олардың мемлекетке келтірген шығын көлемі 100 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, 10, 20 немесе 30 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Жыл басынан бері облыста орманды заңсыз отаудың 52 фактісі тіркелген. Заңсыз аңшылық жасады деген күдікпен 15 адам ұсталды. Рұқсатсыз балық аулаған 11 тұрғын қолға түскен. Аңшылық жасау талаптарын бұзған 594, балық аулау тәртібін сақтамаған 259 солтүстікқазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары