26.12.2019, 10:07
Оқиғалар
Қарағандыда мас жүргізуші алты көлікті соғып кетті
Оқиға салдарынан 3 адам зардап шекті
Қарағандыда Mercedes автомобилінің жүргізушісі тұрақта тұрған алты көлікті қиратты, - деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. Алдын ала мәлімет бойынша, 26 жастағы жүргізуші мас болған.
Оқиға 26 желтоқсан күні сағат 02:30 шамасында Құрылысшылар даңғылының бойында 23/7 үйдің тұрағында болған. «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі Шахтерлер даңғылымен Язев көшесі жағынан Республика даңғылына қарай жүріп бара жатып қоршауды соғып өтіп, тұрақтағы түрлі маркалы 6 автокөлікті соққан.
«Осы дерекке қатысты тергеу басталды. Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғап, қажетті сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
06.11.2026, 08:22
Ауылдағы жанжал атысқа ұласты: Жамбыл облысында екі адам жараланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды