Жамбыл облысында көлік жүргізушісі 12 жылқыны қағып өлтірді
Қазіргі таңда жылқышыға қатысты әкімшілік жаза тағайындалуда
Батыс-Европа-Батыс-Қытай тас жолының 341 шақырымында үлкен жылдамдықпен келе жатқан жүргізуші алдынан кенеттен шыққан бір топ жылқыны қағып кеткен. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті мәлімдеді, де хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«5 қыркүйек күні сағат 20:50 шамасында Тараз қаласының 59 жастағы тұрғыны өзінің «Mercedes benz» автокөлігімен Тараз бағытына қарай бара жатып, жол үстінде жүрген бір топ жылқы малдарын қағып кеткен, нәтежиесінде көлік жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен Меркі аудандық ауыруханасына қаралған. Анықталғандай, Меркі ауылының 35 жастағы тұрғыны кешкі мезгілде өзінің жылқы малын арнайы өткелден өткізбей, жол үстімен айдап өтпекші болған.
Жол апаты салдарынан, сол жерден 12 бас жылқы малының өлі денеcі табылды. Қазіргі таңда жылқышыға қатысты әкімшілік жаза тағайындалуда», - деп нақтылады баспасөз қызметі.