$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.09.2021, 12:23
Оқиғалар

Павлодар облысында жол апатынан бір адам көз жұмып, екі жолаушы ауруханаға түсті

Автомобиль кюветке аударылып кеткен

Павлодар облысында жол апатынан бір адам көз жұмып, екі жолаушы ауруханаға түсті
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында жол апатынан бір адам көз жұмып, екі жолаушы ауруханаға түсті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік арнайы айып тұрағына қойылған. 

«2021 жылғы  6 қыркүйекте сағат 10.00-де Бәйет ауылының жанындағы Қызылорда - Павлодар автожолының 146 шақырымында "Chery Tiggo 3" автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай қалған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1957 жылы туған жолаушы алған жарақатынан ауруханада көз жұмды. Екі жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді», - деді департаментте.

Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында 356 ЖКО тіркелген, соның нәтижесінде 31 адам қаза тапты, тағы 504 адам жарақат алды.