Павлодар облысында көлік ағашқа соғылып, жолаушы қаза тапты
Жол апаты Беловка кенті - Ақсу автожолында болған
Павлодар облысында көлік ағашқа соғылып, жолаушы жаң тапсырды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
«2021 жылғы 6 қыркүйекте сағат 05:30-да Ақсу қаласының темір жол вокзалы ауданында «Лада Приора» автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған. 1994 жылы туған жолаушы алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды. Оны ауруханаға жүргізуші жеткізген», - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Полиция автокөліктің арнайы айып тұрағына қойылғанын хабарлады. Жүргізуші ішімдік ішпеген, сау болған.
ЖКО фактісіне қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында 356 ЖКО тіркелген, салдарынан 31 адам қаза тауып, 504 адам жарақат алды.