$ 530.12  546.08  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.09.2021, 15:11
Оқиғалар

«Ида» дауылы: АҚШ-та төтенше жағдай салдарынан қайтыс болғандар саны 40-тан асты

Джо Байден халыққа үндеу жасады

«Ида» дауылы: АҚШ-та төтенше жағдай салдарынан қайтыс болғандар саны 40-тан асты
фото: bbc.com

АҚШ-тың Луизиана штатына айтарлықтай зардабын тигізген «Ида» тропикалық дауылы бір күн бұрын Нью-Йорк және Нью-Джерси штаттарындағы тұрғындарды әбігерге салды. Президент Джо Байден халыққа үндеу жасап, аталмыш штаттарда 11 адам қаза тапқаны және Луизиана мен Миссисипиде алты адам қаза тапқаны туралы хабарлады.

Соңғы мәліметтер бойынша, дауыл салдарынан кемінде 41 америкалық қайтыс болған. Нью-Йоркте үйлерінің жертөлесін су басқан бірнеше адам қайтыс болды. Нью-Джерсиде бір адам көлігімен бірге суға батып кетті, екіншісінің үйіне ағаш құлаған. Екі штатта да төтенше жағдай режимі енгізілді.

АҚШ президенті Джо Байден кеше халыққа үндеуінде «Ида» дауылы, су тасқыны және орман өрті климаттық дағдарыстың куәсі екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары