ШҚО-да жүк көлігі 18 жастағы қызды қағып өлтірді

Жол-көлік оқиғасы 1 қыркүйекте Шемонаиха қаласында болған

Фото: ашық дереккөзден

Шемонаиха қаласында 18 жастағы қызды жүк көлігі қағып өлтірді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жол-көлік оқиғасы 1 қыркүйекте Шемонаиха қаласында, Вокзальная көшесі бойында сағат 11:00 шамасында болған.

«59 жастағы жүк көлігінің жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтетін учаскеде өтіп бара жатқан 18 жастағы қызды қағып кетті. Оқиға салдарынан, өмірге сәйкес келмейтін дене жарақаттарынан бойжеткен оқиға орнында көз жұмды», – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.