$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.09.2021, 16:22
Оқиғалар

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Тағы 3 адам зардап шегіп, ауруханада жатыр

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қыркүйек сағат 19.00-де 38 жастағы жүргізушінің басқаруындағы “Chevrolet Aveo” автокөлігінің жүргізушісі Хромтау ауданы, Карлау кентінің жанындағы “Самара-Шымкент” автожолының 915 шақырымында Хромтау қаласы жағынан Қарабұтақ кенті бағытында келе жатып, басып озу кезінде, келе жатқан көлік құралдарына қарсы бағытта кедергі келтірмейтініне көз жеткізбей, рөлді басқара алмай, көлік құралының қозғалысы барысында оң жаққа аударылуына жол берді.

ЖКО салдарынан жүргізуші мен бір жолаушы көз жұмып, үш жолаушы Хромтау қаласының орталық ауруханасына жатқызылды.

ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (ЖҚЕ бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары