25.12.2019, 09:13
Оқиғалар
Алматыда ірі жол апатынан 2 адам көз жұмды, жарақат алғандар бар
Полиция апаттың мән-жайын анықтап жатыр
Алматыда Солтүстік айналма жолда жол апаты болып, екі адам қайтыс болды. Тағы бесеуі түрлі жарақат алды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы «Территория происшествий» бағдарламасы.
Hyundai Getz және LADA Granta жеңіл көліктері «Ақбұлақ» базарының маңында соқтығысқан. Салдарынан LADA Granta көлігі аударылып кеткен.

Бес адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. 1994 және 1997 жылғы екі адам жедел-жәрдем қызметкерлері келгенше оқиға орнында көз жұмды. Олар LADA Granta көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы.
Полиция апаттың мән-жайын анықтап жатыр.

Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды