25.12.2019, 05:50
Оқиғалар
Алматыда оқушы қашып кеткен интернаттың директоры қызметінен босатылды
Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады
Фото: ашық дереккөзден
Алматыда жасөспірім оқушы қашып кеткен мектеп-интернаттың директоры лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Көзі нашар көретін және зағип балаларға арналған № 4 Островский атындағы коррекциялық мектеп-интернаттың директоры Р.Б.Нұрахметов лауазымынан босатылды», - деді қалалық білім басқармасының баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, 15 жастағы жасөспірім Дамир Серікұлы 12 желтоқсанда аталған оқу орнынан қашып кеткен болатын. Кетер алдында ол анасына мектептегі сыныптастарымен тіл табыса алмай жүргенін айтып шағымданған. Кейін оқушы әпкесінің үйінде жүрген жерінен табылды.
Көп оқылған
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
12.10.2026, 10:53
Елді елең еткізген: Дариға Бадықова мен Олжас Абайдың некесі, Қайрат Нұртастың концертіндегі былық
12.10.2026, 06:29
Тұрғындардың ақшасын тәттілер мен барға жұмсаған: ПИК төрағасына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
12.10.2026, 11:59
Қазақстанда алдағы үш күнде қар аралас жаңбыр жауады